• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2021

Жалған вакцинация паспортын жасаған туристік компания анықталды

353 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі жалған ПТР тестісі мен вакцинация паспортын жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта халықтың денсаулығын сақтау Үкіметінің өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Covid-19 коронавирустық инфекциясы және онымен байланысты жағдайлар барлық салаларға айтарлықтай өзгерістер енгізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресудің бірден-бір әрі сенімді жолы вакцина салу екенін атап өтті.

ПТР–тесттерді қолдан жасау және пайдалану фактілері бойынша Ішкі істер министрлігі өз құзіреті шегінде қажетті шаралар қабылдауда. Кейбір азаматтар қазіргі жағдайды пайда табу үшін пайдаланады, ПТР тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспортын қолдан жасайды, осылайша коронавирустың таралуына септеседі.   Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді.   Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцинациялау паспорттарын (143 паспорт) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды.   Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды.   Еске сала кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.