АҚШ-тың Калифорния штатында 5,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ-тың геологиялық қызметі жер сілкінісінің эпицентрі Уокер қаласының маңында 10 км тереңдікте болғанын жариялады.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.