• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2021

Қарағанды облысында азық-түлік бағасы қымбаттады

607 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бес түрі қымбаттады. Негізінен бұл өңірде өндірілмейтін өнімдер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда қарақұмық 300-ден 405 теңгеге дейін, қант 158-ден 284 теңгеге дейін, ал сұйық майдың литрі екі есе, яғни 325-тен 700 теңгеге дейін қымбаттады. Азық-түлік бағаларына негізінен пандемия және әлемдік нарықтағы қымбатшылық әсер етеді, дейді мамандар. Дегенмен, облыстың тұрақтандыру қорында 313 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сақталуда. Алдағы күндері тағы 272 тонна қант сатып алынады. Бұл өнімдер бағаны тұрақтандыру мақсатында халық көп шоғырланған дүкендерге, қалаларға, облыс аудандарына жеткізілетін болады.

«Бүгінгі таңда оңтүстік өңірлерден тауарлар жеткізілімінің артуына байланысты азық-түлік бағалары төмендеуде. Бағаның төмендеуіне әкелетін бәсекелестік бар. Міне, шілденің екінші жартысынан бастап, өзіміздің тауар өндірушілер өз өнімдерін шығара бастайды», деп түсіндірді Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.