Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Күләш Байсейітова көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Биыл 10-27 шілде аралығында Күләш Байсейітова көшесінің Конституция көшесінен Фахд бен Абдул Азиз көшесіне дейінгі бөлігі ішінара жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.