600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жалғасатын болады. 600 мың педагог үшін жалақының 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерлер үшін біліктілік деңгейіне байланысты 20-дан 30 пайызға дейін көтерілуі қамтамасыз етіледі», деді Премьер-Министр.