Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлады, оның ішінде адамдар болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
9 шілде күні «102» каналына Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифттің құлауы жөнінде ақпарат түскен.
«Оқиғаның күндізгі уақытта болғаны және лифт ішінде 31 жастағы ер адам 16 жасар жиенімен бірге болғаны анықталды. Лифт оқыстан құлаған және қабаттар арасында күрт тежелген», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ.