Қызылорда облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
40 округ бойынша 151 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
– Қазір үміткерлердің заңды талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар кандидаттарды тіркеу жұмыстары әлі жалғасуда. Бүгін 81 үміткер тіркеуден өтті, – деді Ғалым Қонақбайұлы.
Айта кету керек, кандидаттарды тіркеу 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.