• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2021

Түрікменстан билігі Иран ұшағын Өзбекстанға өткізбей қойды

243 рет
көрсетілді

Өзбекстанға ұшып бара жатқан ирандық жолаушылар лайнері түркімен билігінің ұстанымына байланысты Иранға оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Iranintl басылымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

170 жолаушысы бар Zagros ұшағы Ташкентке бет алған кезде түркімен жағы күтпеген жерден оның аумағынан ұшуға рұқсатты алып тастады.

Иран шенеуніктері мұны компанияның ұшу құқығы үшін төленбегендіктен деп түсіндірген.  Ұшақ Иранның Мешхед қаласына қонды. Осыдан кейін жолаушыларда тағы бір мәселе туындады. Паспорттарында кетуге рұқсат болғандықтан, олар Иран аумағында ұшақтан түсе алмайды екен. 

Iranintl басылымы бұл оқиғаны АҚШ санкциялары салдарынан туындаған  ирандық компаниялар мен үкіметтегі қаржылық проблемалармен байланыстырады. 

Айта кету керек, санкцияларға байланысты шетел валютасын Иранға халықаралық банк жүйесі арқылы аудару мүмкін емес.