Бүгін онлайн брифингте Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев америкалық Pfizer вакцинасы Алматыға қашан әкелінетіні туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Біз аталған вакцинаның Қазақстанда қашан және қанша болатынын нақты айта алмаймыз. Келіссөздер жүріп жатыр, нақты күні әлі белгісіз», деп жауап берді спикер.
Сондай-ақ ол Алматыда коронавирусқа қарсы Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылғанын айтты.