• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2021

Гаити президентінің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

217 рет
көрсетілді

Гаити билігі 63 жастағы америкалық Кристиан Эмманюэль Саньонды тұтқынға алды. Ол Гаити президенті Жовенель Моизді өлтіру мақсатында бірнеше киллер жалдаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Саньон Гаитиге маусым айының басында өзінің жеке ұшағымен ұшып келген. Жанында алты колумбиялық күзетшісі болған. Оның елге келудегі «саяси мақсаты» – төңкеріс жасап, президенттің орнын басу», деді Гаити полициясының бастығы Леон Шарль министрлер қатысқан баспасөз мәслихатында.

Шарльдің айтуы бойынша, қастандық жасаушылардың тағы екі жетекшісі болған, алайда олардың кім екені белгісіз.

Саньонның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.

Еске сала кетсек, Гаити Президенті Джовенель Моиз сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні резиденциясына белгісіз адамдардың шабуылынан қаза тапқан. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы Мартин Моиз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жовенель Моизді өлтірді деген күдікпен бірнеше қылмыскер қамауға алынды.