Павлодарда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Менің таза әлемім» челленджі басталды. Ұйымдастырушылар – «ARCUS» даму орталығы және «Альрами» менталды ауытқулары бар тұлғаларға арналған қоғамдық бірлестік клуб үйі.
Челленджді 30-дан астам адам қолдады. Олардың ішінде «Альрами» клуб үйі мен «ARCUS» даму орталығының мүшелері, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Жасыл ел» жастар жасақтарының еріктілері, белсенділер, менталды ауытқулары бар адамдар және немқұрайды емес азаматтар бар. Қатысушылар Ертіс өзенінің жағалауын тазалап, 40 қап қоқыс жинады.
«Алғаш рет мұндай сенбілікті біз 2019 жылы өткіздік. Содан бері бұл біз үшін жақсы дәстүрге айналды. Біз міндетті түрде челленджімізді жалғастырамыз және алдағы уақытта әлеуметтік желілерде сенбіліктер туралы хабарлайтын боламыз. Барлық ниет білдіруші бізбен бірге қатыса алады. Табиғатты бағалайық және бүлдірмейік! Өйткені бұл – біздің денсаулығымыз бен болашақ ұрпақтың денсаулығы», деді «ARCUS» даму орталығының жетекшісі Алина Батареева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, психоневрологиялық аурулары бар адамдардың әлеуметтенуіне ықпал етеді.
Айта кету керек, биылғы 24 шілдеде әр өңірде жартастар мен су айдындарын тазарту бойынша ауқымды экоакция өтеді және оларға кез келген адам қосыла алады.
Марафонға #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хэштегтерімен әлеуметтік желілерде өз игі істерін бөлісе отырып, кез келген адам қосыла алады.
Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша үйлестірушілерге көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуға +7 701 513 55 00, +7 7172 79 15 32, немесе Instagram-дағы @qaiyrymdy_ister_marafony аккаунты арқылы байланысқа шығуға болады.
«Егемен-ақпарат»