• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Шілде, 2021

ЕО Ливанға санкция салуы мүмкін

117 рет
көрсетілді

Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Брюссельдегі ЕО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оның пікірінше, Ливан - өзін-өзі құлдыратып жатқан, халқы күйзеліске ұшыраған ел.

«Біз үнемі Ливан басшылығына үкіметті құру, реформалар жүргізу керек дегенді қайталап келеміз», деді француз дипломатиясының басшысы.

Ол ЕО елдері осы айдың аяғында Ливанға қарсы санкциялар бойынша саяси консенсусқа келгенін атап өтті. Француз дипломатиясының басшысы санкциялар Ливан билігін алға жетелеп, жаңа кабинет құруға ықпал ететін құралға айналады деп ойлайды.  

Еуропалық Одақтың сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррелл де Ливандағы саяси күйреу жалғасып жатқанын және Брюссель бұл жағдайға Таяу Шығыс елдерінің саяси жетекшілерінен гөрі көбірек алаңдайтынын атап өтті.