• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2021

Вакцина алмағандарға қандай шара қолданылады?

463 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеге дейін қызметкерлерін вакциналауға міндеттелген нысандарда ешқандай тексеру жүрмейтінін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Президенттің тапсырмасынан кейін кеше коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Сол жиында қызмет көрсету саласының қызметкерлерін вакциналау мерзімін 19 шілдеде нақтылау туралы шешім қабылданды. Яғни, 15 шілдеден кейін аталмыш нысандарға қызметкерлері вакцина алмағаны үшін ешқандай шара қолданылмайды. Мұны міндетті вакциналау мерзімі 19 шілдеге дейін созылды деп қате түсінуге болмайды. Нақты қанша мерзімге созылатыны 19 шілдедегі ведомствоаралық отырыста белгілі болады», дейді Ержан Байтанаев.