Жуырда қазақ аспаптық этно-рок тобы Уфа амфитеатрының сахнасында «Фольклориада жүрегінде» өнер көрсетті.
Уфалықтар топ репертуарындағы заманауи үлгіде дыбысталған әлемдік классикаларды тыңдады. Скрипкашы Әсел Исаеваның орындауындағы Бах пен Вивальди туындылары да ұсынылды.
Карантин уақытында музыкалық топ бірнеше жаңа күй жазды, сондай-ақ онлайн байқауларға да қатысты.
«Наурызда онлайн режімінде өткен Лос-Анджелестегі фестивальде бас жүлдені алдық. Оған 80-нен астам елден өкілдер қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды – іріктеу, содан кейін континентаралық. Осы кезеңдердің бәрінен өтіп, біз жеңіске жеттік. Карантин кезінде бұл біз үшін маңызды оқиға болды. Бұл бізді жігерлендіріп, алдағы жұмыстарымызға күш берді», деді Әсел Исаева.