Бұл жайлы 13 шілде күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Мүфтиятты он жылдан астам басқарған, ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Әбсаттар қажы Дербісәлі ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсіпті...
«Достан – дұға» дегендей, Алладан шипа тілеп қойсаңыздар. Алла Тағала барша науқас жандардың дертіне шипа бергей. Сынақты сәттен аман-есен өтуді нәсіп еткей», делінген Ағабек Қонарбайұлының фейсбуктегі жазбасында.