Атырау облысында 121 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 1 ақпан мен 13 шілде аралығында «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 121 286 адам салдырған. Вакциналардың II компонентін салдырғандар саны 63 946 адамға жетті.
«Өткен тәулік – 13 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 3 084 адам салдырды. Вакцина алғандардың қатарында 180 педагог, 85 дәрігер, 66 студент, 25 мемлекеттік қызметші, арнайы мекемелердің 18, құқық қорғау органдарының 14 қызметкері бар. Сондай-ақ, созылмалы сырқаты бар 525 пациент пен жергілікті 2 171 тұрғын вакцина алды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.