• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Шілде, 2021

Hayat-Vax екпесін алғандар жүктілікті жоспарламағаны дұрыс – гинеколог

498 рет
көрсетілді

Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс. Бұл туралы елордалық гинеколог дәрігер Дина Нұрланқызы Жетінші арнадағы  эфир барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Екпе алғаннан кейін 3 ай бойы сақтану керек. Тек содан соң ғана толық тексерістен өтіп, жүктілікті жоспарлауға рұқсат беріледі. Бізде қазір «Спутник V» және «QazVac» вакциналары бар. Аталған вакциналарды салдырған әйелдерде үш айдан кейін денсаулықтарында ешқандай кінәрат болмаса, жүктілікті жоспарлауға болады. Ал Hayat-Vax вакцинасын алғандар үшін екі жылға дейін бала көтеруге болмайды. Бұл - вакцина өндірушілердің ұсынымдары. Ал егер де әйел жүкті болып қалған болса, онда үнемі бақылауда болуы керек», деді маман.

Сондай-ақ дәрігер инфекцияның жатырдағы балаға еш қауіптілігі жоқ екенін ескертті. Өйткені вирус плацентадан өтпейді екен. Бірақ оның ана денсаулығына зақым келтіру мүмкіндігі басым.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында Hayat-Vax вакцинасының 2-ші компонентін алғандар 2 айдан кейін жүктілікті жоспарлауына болатыны жазылған.