Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болжамын фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Эпидемиологиялық жағдайды (КВИ «Дельта» штамының белсенді таралуын) және вакциналаумен қамтуды ескере отырып, министрлік эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. Осылайша, пессимистік сценарийде 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 400 мың адам (орташа есеппен тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары) болмақ», деп жазды министр facebook парақшасында.
Оның айтуынша, екінші реалистік сценарий бойынша, 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлар болжамды саны шамамен 355 мың адам (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары) болмақ. Ал оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адам (орташа есеппен тамыз айында ең жоғары жағдай – тәулігіне 5 мыңға жуық) болуы мүмкін.