• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2021

15 шілдеде ауа райының қандай болатыны айтылды

236 рет
көрсетілді

Қазгидрометтің мәліметінше, 15 шілдеде Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, тек оңтүстік аудандарда жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, солтүстікте, шығыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстанда жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз – бұршақ.

Павлодар облысында тұман, бұршақ жауады.

Жамбыл облысында да бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Ақтөбе облыстарында найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.