19 шілде күні «Өрелі ұрпақ» жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Жазғы мектеп аясында бизнес жоспар жасау, қызметтерді сату; әлеуметтік жобаларды іске қосу және басқару; қаржыландыру көзін іздестіру және демеушілік гранттарға өтінім рәсімдеу сияқты тақырыптарда тренингтер өткізілетін болады. Қатысушыларды онлайн режимде бизнес-тренерлер бақылап отырады.
Оқыту тегін. Барлық мәліметтерді +7 701 730 5411 телефоны арқылы білуге болады», деп жазады министрлік.
Аталған әлеуметтік кәсіпкерлік мектеп «ҮЕҰ Академиясы» жобасы аясында Astana International University негізінде жүзеге асып отыр. Ұйымдастырушы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.