• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2021

Шариғат вакцинацияға қарсы емес – ҚМДБ

317 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты көптеген имамдар вакцина алғашқы шыққан сәттен бастап екпе салдырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

«Шариғат вакцинацияға қарсы емес. Вакцинаны ерікті түрде кез келген адам ала алады. Алла Тағала қасиетті Құранда «Өз қолдарыңызбен өз жандарыңа, денсаулықтарыңызға зиян тигізбеңдер» дейді. Қазіргі кезде көптеген дін қызметкерлері, имамдар вакцина алды. Ал орталық аппаратқа, ҚМДБ-ға келсек, қызметкерлердің 90 пайызға жуығы егілді. Шариғат ел амандығы үшін, адамның амандығы үшін соған үндейді, насихаттайды», деді Наурызбай Қажы.