• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Ел және Елбасы 16 Шілде, 2021

Құттықтау хаттар мен жеделхаттар

1688 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық ұйымдар жетекшілерінен, дипломатиялық корпус пен зиялы қауым өкілдерінен, діни бірлестіктер көшбасшыларынан, мемлекеттік органдар мен коммерциялық кәсіпорындар басшыларынан, сондай-ақ көптеген қазақстандық пен шетел азаматтарынан кең ауқымды хаттар келіп түсті, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.

Елбасының халықаралық аренадағы қызметіне жоғары баға беріліп, құр­лықтағы ынтымақтастықты, тұрақ­ты­лық пен қауіпсіздікті нығайтуға қос­қан үлесі шетел мемлекеттері мен үкі­мет­т­ері басшыларының жеделхаттарын­да атап көрсетілген. Мұндай жеделхаттар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзинь­пиннен, Түркия Республикасының Прези­денті Режеп Ердоғаннан, Өзбек­стан Республикасының Президенті Шав­кат Мирзиёевтен, Тәжікстан Рес­пуб­ликасының Президенті Эмомали Рах­моннан, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкодан, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтан, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтен, Армения Республикасының Пре­зиденті Армен Саркисяннан,  Түрік­менстан Президенті Гурбангулы Бер­ді­­­мұхамедовтен, Украина Прези­денті Владимир Зеленскийден, Сер­бия Президенті Александр Вучич­тен, Хор­ватия Президенті Зоран Милано­вич­тен, Корея Республикасының Прези­денті Мун Чжэ Иннен, Ресей Феде­ра­ция­сы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишус­тиннен, Армения Премьер-министрі Н.Пашиняннан және басқаларынан келді.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері­нің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның Қазақстан елордасы мен тұтас елдің қарқынды дамуындағы баға жетпес рөлін атап өтті.

Сондай-ақ халықаралық және шетелдік ұйымдар мен құрылымдардың өкілдері, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы М.Мясникович, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының  Бас хатшысы С.Зась, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Б.Әміреев, ТүркПА Бас хатшысы А.Мамаюсупов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедев, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Г.Эфендиева, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодина және басқалары өздерінің жылы лебіздерін жеткізді. Елбасының атына жолдаған хатында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы В.Норов: «Сіздің идеяларыңыз бен бастамаларыңыз терең зерттеулердің тақырыбына айналды. Қазақстанда құ­рылған қоғамдық бейбітшілік пен келі­сім үлгісінің бірегейлігі бүкіл әлемге та­ныл­ды, ол «Қазақстан жолы» неме­се «Назарбаев моделі» деген атқа ие бол­ды. Бұл тәжірибе саясаткерлердің, ға­лым­дардың, жетекші сарапшылар мен бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының үлкен қы­зы­ғушылығын тудырды», деп жазды.

Ресей Федерациясының, өзге де алыс-жақын шетелдердің мемлекет және қоғам қайраткерлерінен жылы лебіздер жазылған көптеген хат келіп түсті. Ингушетия Республикасы­ның Президенті М.Калиматов, Баш­құрт­стан Республикасының Прези­денті Р.Хабиров, Ингушетия Респуб­лика­сының Тұңғыш Президенті Р.Аушев, Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы В.Матвиенко, Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы В.Володин, Ресей Федерациясы Қауіп­сіздік Кеңесі Төрағасының орынба­сары Дмитрий Медведев, Ресей Феде­рациясы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Д.Козак, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты В.Ресин, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы Халықара­лық істер комитетінің төрағасы Л.Слуцкий,  Саратов облы­сы­ның губернаторы В.Радаев, Астра­хань облысының губернаторы И.Бабуш­кин, Орынбор облысының басшысы Д.Паслер, Байқоңыр қаласы әкім­ші­лігінің басшысы К.Бусыгин,  Ресей Федерациясы Президентінің тұрақ­ты даму мақсаттарына жету үшін халық­аралық ұйымдармен байланыс жөнін­дегі арнайы өкілі А.Чубайс, Жалпы кәсіподақтар конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, Украинаның бұрынғы Президенті Л.Кучма, Мәс­кеу мемлекеттік халықаралық қаты­настар институтының ректоры А.Тор­кунов, МИР Мемлекетаралық теле­ра­дио­компаниясының төрағасы Р.Батыршин, ТАСС бас директоры С.Михайлов, ТАСС бас дирек­торының орынбасары М.Гусман, «Комсомольская правда» медиатобы бас директоры В.Сунгоркин, Ресей көркемдік академиясының президенті З.Церетели, Орал Федералдық уни­верситетінің ректоры В.Кокшаров, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі А.Цой, Еуропалық Парламент депутаты Т.Мариани, Бразилиа қаласының губернаторы К.Буарке, Бразилия Ұлттық конгресінің бұрынғы сенаторы У.Ридель және басқалар өз құттықтауларында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тарихи рөліне ерекше тоқталды. Сондай-ақ Оңтүстік Афри­каның ақыны Камилло Мубарак Зимба өлең түрінде ерекше құттықтау жолдады.

Татарстан Республикасының Пре­зи­денті Р.Минниханов өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевқа сарқылмас күш-қуат және Елбасының жауапты миссиясын жүзеге асыруына табыс тіледі.

«Дара ұлттық көшбасшы, дарынды саясаткер әрі тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде Сіз өз еліңіздің мүддесі үшін адал әрі жемісті қызмет етуді жалғастырып, Қазақстанның көпқырлы тыныс-тіршілігіне белсене атсалысып келесіз. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық күшейген уақытта Сіздің бай тәжірибеңіз бен биік беделіңіз, Қазақстанның Өзіңіз қалыптастыр­ған берік әлеуметтік-экономикалық ірге­тасы қазақ мемлекеттілігінің мыз­ғы­мауы мен қоғамның игілігінің шешуші факторы саналады», деп жазды Р.Минниханов.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданған қазақстандық және шетелдік іскер топтар өкілдерінің үндеулерінде жаңғыру жолында қазақстандықтарды ұйыстырған тиімді қоғамдық келісім саясаты атап өтілген. «ERG» компаниясының құрылтайшылары А.Машкевич пен П.Шодиев, «Kegoc» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Б.Қажиев, «Kazzinc Holdings» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович, «Mabetex Group» ком­паниясының негізін қалаушы әрі президенті Б.Паколли мен А.Паколли, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Т.Саркисян, «Эни» компаниясының бас атқару­шы директоры К.Дескальци, «Ahsel Holding» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Хамди Аян, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры А.Лихачев, «Газпром нефть» жабық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы және басқарма төрағасы А.Миллер мен А.Дюков, «Лукойл» мұнай компаниясының президенті В.Алекперов, «Acces Industries CIS» компаниясының басшылары Л.Блаватник пен С.Карпухович, Еуразиялық даму орталығының бас директоры Т.Мансұров және басқалар  Елбасының туған күніне және Елорда күніне орай өз құттықтауларын жолдады.

«Банк ВТБ» компаниясының президенті А.Костин өзінің құттық­тау хатында: «Еуразия кеңістігінде ин­теграциялық процестердің ілгерілеуі Сіздің есіміңізбен тығыз байланыс­ты. Сіз ұзақ жылдар бойы Өзіңізге өңірлік және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретін орасан зор халықаралық беделге иесіз», деп жазды.

Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшыларынан, облыс әкімдерінен, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінен, ұлттық компаниялар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің, кәсіп­орындар мен ұйымдардың басшыларынан көптеген құттықтау келіп түсті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен оның халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі еңбегі, сонымен қатар жаңа елор­даны салудағы жетістіктер мәде­ниет, білім және ғылым саласы­ның қайраткерлері, академиктер С.Қира­баев пен Ә.Бейсенованың, «Назарбаев Университеттің» президенті Ш.Катсу­дың, Қарағанды мемлекеттік техни­калық университетінің ректоры М.Ибатовтың, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің ректоры А.Мұсақожаева­ның, Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық университетінің ректоры Д.Біләловтің, жазушы-драматург Ж.Ерғалиевтің, М.В.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­ситетінің Қазақстандағы фи­лиа­лы директоры А.Сидоровичтің, «Егемен Қазақстан» АҚ президенті Д.Қыдырәлінің, «Алматыкітап» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Э.Баталованың, филология ғылымдарының докторы О.Ви­дованың және басқаларының құт­тық­тауларында ерекше атап өтілді.

Елорда күніне және туған күнге орай Елбасы академиясының түлек­тері ұжымдық құттықтау жолдады. Ғылыми және шығармашылық интел­лиген­цияның хаттарында Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуындағы рөлі, сондай-ақ тәуелсіздіктің 30 жылында Тұңғыш Президенттің басшы­лығымен Қазақстанның қол жеткізген табыстары айрықша көрініс тапты.

«Халық қаһарманы», армия генералы, «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы М.Ал­тын­баев, «Ерекше тәуекел жауын­гері» қоғамдық ұйымының төрағасы М.Мәмбетов, сондай-ақ Қазақ­стан Респуб­ликасының Ресей Федера­ция­сындағы Елшілігі жанындағы Қазақ­стандық ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Темірбаев және тағы басқалары өз құттықтауларында Ел­басына зор денсаулық тілеп, жылы лебіздерін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Елорда күнімен шын жүректен құттықтаған жеделхаттар Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллден, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдан, Орал және Ақтөбе Архиепископы Анто­нийден келіп түсті.

Еліміздің және шетелдің көптеген азаматынан зор денсаулық пен ұзақ өмір тілеген құттықтаулар көптеп келді. Олардың ішінде Алматы облысындағы сыныптастарының атынан құттықтаған Е.Жүнісбеков, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Айтхожиндер отбасы мен Ю.Бедрин, А.Жарғақ, А.Мұхамеджанов, алма­тылық Ғ.Әбдікенов, Г.Дәркем­­баева, А.Жұманиязова, Р.Төлегенова, Шымкент тұрғындары Ж.Пірәлиев, Ж.Бимурзаев, В.Андрюков, қараған­дылық Н.Келлер, М.Мукашев, Тал­ды­қорған қаласының тұрғыны Ш.Ер­ланұлы және басқалары бар. Сонымен бірге Шымкент қаласының тұрғыны Ш.Юлдашев және кентаулық С.Хамидуллина өлең түрінде құттық­тау жазды. Рудный қаласы №7 орта мектебінің 1-сынып оқушысы А.Әлім­қызы өз хатында: «Сізді және елордамыз Нұр-Сұлтан қаласын туған күнімен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық пен амандық тілеймін, астанамыз гүлдене берсін! Бейбіт аспанымыз бен бақытты балалығымыз үшін Өзіңізге алғыс айтамыз»,  деп жазды.

Елбасы келіп түскен хат-хабар­лармен танысып, барлық құттық­тау хаттың авторларына жылы сөздері мен ыстық тілектері үшін ризашылығын білдіреді.