• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 16 Шілде, 2021

Үздік режиссер әйел

414 рет
көрсетілді

Отандық режиссер Шарипа Ораз­баева Лондонда өткен 22-ші Халық­ара­лық Rainbow Film Festival кинофес­ти­­валінде «Үздік режиссер әйел» атанды.

Бұл атақ режиссерге «Мариям» фильмі үшін берілді.

«Мен үшін күтпеген жаңалық болды. «Мариям» фильмі бұған дейін бірнеше халық­аралық сыйлыққа ие болған. Фести­валь­дағы тағдыры тоқтаған шығар деп ойлаушы едім. Еуропада Орталық Азиядан «Үздік режиссер әйел» атанғаныма ерекше қуаныштымын», дейді режиссер.

Фильм күйеуі жоғалып кеткен соң төрт баласымен шалғайдағы ауылда қыстап қалған Мариям атты әйелдің өмірін баяндайды. Басты рөлді сол кейіпкердің прототипі Меруерт Сабус­си­нова ойнаған. Меруерт балаларымен алыс ауылда тұрады, күйеуі біршама уақыт бұрын туыстарымен бірге жұмысқа кетіп, қайтып орал­маған. Режиссер кейіпкердің отбасындағы осы оқиғаны ес­тіген соң фильм түсіруге бекініпті.

Фильм осыған дейін Локарно, Торонто, Пусан, сондай-ақ Түркия мен Испаниядағы кино­фес­тиваль­дарда көрсетілді. Қазіргі уақытта Шарипа Ораз­­баева жаңа туындысын түсіріп болды.