ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 48 адам - коронавирустан, тағы 6 адам - пневмониядан көз жұмған.
Коронавирустан қайтқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 15 науқас.
Қарағанды облысында - 8, Алматы қаласы мен Атырау облысында - 4 адамнан, Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында - 5, Қызылорда облысыында - 2, Павлодар облысында - 3, Ақмола және Маңғыстау облыстарында - бір адамнан қайтыс болды.