Нұр-Сұлтан тұрғындарының 22,4%-ы ғана коронавирусқа қарсы иммунитетке ие. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Бүгін біз халықтың 22,4%-ында ғана иммунитет қалыптасты деп айта аламыз. Оның 15,8%-ы вакцинацияның арқасында, қалған 6,6% коронавируспен ауырып, жазылып шыққан», деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифинг барысында.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, соңғы күндері қалада вакцинацияның деңгейі жоғарылаған, күніне орта есеппен 5000-8000 адам екпе алады.