• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Шілде, 2021

Президент тапсырмасымен мемлекеттік органдар «Е-өтініш» жүйесіне қосылды

1250 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік органдар мен өтініш берушілер арасындағы жұмыс сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындауға бағытталған тағы бір жоба толықтай іске асты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Президенттің бапасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басындағы Үкіметтің кеңейтілген отрысында азаматтардың өтініштерін есепке алу ісін жетілдіруді тапсырды.

«Өтініш берушілермен арадағы жұмыс сапасын арттыру үшін жаңа «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін және «Нәтиже» орталықтарын ашуға тапсырма берілді. Аталған жүйе 1 шілдеге дейін барлық мемкелекеттік органдарда іске қосылуы тиіс», деген болатын Президент.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, «Е-өтініш» ақпаратты жүйесі мен халыққа қызмет көрсету орталықтары жанында «Нәтиже» жобасы 1 шілдеден бастап жұмысын бастады.

«Е-өтініш» жүйесі өтініштерді қарауға байланысты артық бюрократияландыруды болдырмайды және азаматтарға өз өтініштерінің мемлекеттік органдарда қаралу барысын қадағалауға мүмкіндік береді», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы фейсбук парақшасында.

Бүгінде бұл ақпараттық жүйеге 38 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен ұйымдар қосылып, 160 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

«Барлық «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында өтініштерді қабылдайтын және азаматтарға өтінішті рәсімдеу кезінде консультациялық көмек беретін 259 «Нәтиже» орталығы құрылды», деп жазылған хабарламада.