• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Шілде, 2021

Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Президентімен кездесті

141 рет
көрсетілді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияға келген Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. 

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Шавкат Мирзиёевке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті,  Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын және ізгі тілектерін жеткізді. 

Сондай-ақ кезедсу барысында алдағы іс-шараларды жоғары деңгейде дайындауға, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық жобалар мен өзара тиімді ынтымақтастық бағдарламаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылды. 

Бұдан бөлек Ауғанстандағы ахуал және тамыз айының басында Орталық Азия елдері басшыларының Түркіменстанда өтетін консультативті кездесуіне дайындық барысы сөз болды.