Триатлоннан Павлодар қаласында өтуі тиіс Қазақстан біріншілігі кейінге қалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Olympic.kz сайты жазды.
Ел чемпионатының өткізілмеуіне басты себеп – Павлодар облысындағы карантиндік шектеулердің күшейтілуі. Шектеулерге байланысты аймақта спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Осылайша, 2021 жылғы жарыс кестесіне бірқатар өзгеріс енді. 24 шілдеде Павлодарда өтеді деп жоспарланған ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылмайды.
Сондай-ақ 7 тамыздағы жастар ойыны Қарағанды облысындағы Сарань қаласына ауыстырылды.