• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Шілде, 2021

Қазақстан спортшылары Токиоға аттанды

547 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы халықаралық әуежайынан сағат 23:00-де Қазақстан спортшыларының алғашқы легі Олимпиадаға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрамында дзюдо, бокс, велоспорт, ауыр атлетика сынды спорт түрлерінен сынға түсетін спортшылар шамамен жеті сағаттан кейін Токионың «Нарита» әуежайынп қонады.

Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасы шілденің 23-нен тамыздың 9 аралығында өтеді. Онда Қазақстан спортшылары 26 спорт түрінен 97 лицензия жеңіп алды.