Венгриядағы WTA 250 санатындағы теннис турниріне Қазақстан атынан Юлия Путинцева қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ширек финалда Путинцева украиналық Катеран Козлованы ұтты. Кездесу 6:7(4), 6:0, 7:5 есебімен аяқталған.
Келесі айналымда Юлия венгриялық Далма Галфимен өзара мықтыны анықтайды.