• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Шілде, 2021

Әлия Юсупова Токио олимпиадасына аттанған спортшыларға сәттілік тіледі

541 рет
көрсетілді

Көркем гимнастикадан 2004 жылғы Афины және 2008 жылғы Бейжің Олимпиадаларының қатысушысы, Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова Токио ойындарына аттанған спортшыларға сәттілік тіледі, деп жазады Egemen.kz. 

«Олимпиада ойындары - әр спортшының өміріндегі ең үлкен дода. Әр спортшы кәсіби спортқа қадам басқанда олимп шыңын бағындыруды көздейді. Сол үшін тер төгіп, еңбектенеді.

Осы орайда, Токио Олимпиадасына аттанған әрбір қазақстандық атлетке жеңіс тілеймін, сәттілік тілеймін! Олимпиаданың атмосферасын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олимпиаданың рухын сол ойынға қатысқан адам ғана сезіне алады. Сондықтан, бар әлем өкілдері жиналған жарысқа қатысудың өзі үлкен жеңіс екенін айтқым келеді. 

Бір Олимпиадаға қатысқан адам міндетті түрде екінші Олимпиадада бақ сынағысы келеді. Өзім солай еткенмін. Токиода көркем гимнастикадан ел намысын қорғайтын Алина Әділханова спортқа 4 жасында келген екен. Бүгінде ол 19 жаста, 15 жылын спортқа арнады. Міне, Олимпиадаға қатысу үшін қаншама жылын, қаншама еңбегін сарп етті. Спорт оңай дүние емес. Сол себепті, барша қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деді Ә.Юсупова. 

Айта кетейік, Қазақстанның олимпиадалық командасы Токио қаласына кеше аттанды.