Будапештте өтіп жатқан теннистен WTA турнирінде қазақстандық Юлия Путинцева финалға шықты, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жартылай финалда Путинцева венгриялық Далма Галфиден басым түсті. Есеп - 6:2, 3:6, 6:2.
Финалда Юлия украиналық Ангелина Калининанаға қарсы шығады.