Құжатта 18 шілде күні олимпиада қалашығында тұратын екі, қалашықта тұрмайтын бір атлеттен вирус анықталғаны жазылған.
Сонымен қатар бір медиа өкілдің, олимпиада объектілерінде жұмыс істейтін бір жұмысшының және бес ұйымдастырушының ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.
Вирус жұқтырғандардың ешбірі Жапония азаматы емес.