• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Шілде, 2021

Украинада тікұшақ апатқа ұшырады

298 рет
көрсетілді

Украинаның Николаев облысында МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Николаев облысының ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Құлаған Ми-2 тікұшағында екі адам болған, екеуі де қайтыс болды»,  делінген хабарламада.

Төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Николаев облысындағы жедел топ пен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.