• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 13 мекеме карантин режимін бұзған

184 рет
көрсетілді

Елордада кәсіпкерлік нысандары арасында карантин режимін бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Мәселен, өткен тәулікте қалада шектеу шаралары сақталмаған 13 мекеме мен дүкен анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Текила» лаундж-бары мен «LAVASH FOOD» фаст-фуд пункті жұмыс режимін бұзған.

Сондай-ақ тыйым салынған уақытта Байқоңыр ауданында орналасқан «Сotton» және «Kids vau» дүкендері жұмыс істеді.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы бірден 6 кәсіпкерлік нысанында: «Цезарь» кафесінде, «Арман Қала», «Мирас», «Самал» мейрамханаларында, «Hot2be» караокесінде, «Champ» ойын клубында карантин талабының бұзылғанын анықтады.

Сонымен қатар белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданындағы «Алуа» кафесі, «Белес» мейрамханасы және «Cotton» дүкені жұмысын жалғастырған.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар саны бірнеше есе өсті. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы тиіс.