Бүгін таңғы сағат 7.20-да Қызылорда қаласындағы балаларға арналған «Пумба» ойын-сауық орталығында газ бен ауа қоспасының жарылысы болды. Бұл туралы облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Өрт ғимараттың бірінші қабатын түгел шарпыған. Жалын сағат 7-ден 44 минут өткенде оқшауланып, 8.15-те толық тоқтатылды. Жарылыстан ағаш сарай мен шатыр құлаған. Сондай-ақ Жеңіс көшесі, 20-үйдің терезелеріне зақым келді. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ», делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі табиғи газдың кемуінен деген болжам жасалып отыр.