• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Шілде, 2021

Италия Елшісінің Қазақстандағы қызметі аяқталды

242 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Италия Елшісі Паскуале Д’Авиноны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дипломат Елшінің Қазақстанда қызмет атқарған жылдары ішінде екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға қосқан нәтижелі жұмысын атап өтті. Тараптар сыртқы саяси ведомстволары басшылары арасындағы тұрақты байланыстарының оң динамикасын атап өтіп, жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды талқылады.

Екіжақты сауданың едәуір көлемі мен Қазақстанға құйылған итальяндық инвестицияларды назарға ала отырып, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттігіне аса назар аударылды. Осы мәнмәтінде сұхбаттастар екіжақты экономикалық өзара іс-қимыл дамуының нәтижелі құралына айналған  Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-итальяндық үкіметаралық жұмыс тобының рөлі аталып өтілді.

Сұхбаттастардың пайымдауынша, 2022 жылы Алматыда ашылуы жоспарланған Италия мәдениеті институті екі мемлекеттің халықтары арасында мәдени-гуманитарлық байланыстардың дамуына серпін береді. Кездесу қорытындысы бойынша Е.Әлімбаев итальяндық дипломатқа болашақ атқарар қызметіне сәттілік тілеп, ол әрқашанда Қазақстанның асыға күтетін қонағы болып қала беретіндігін жеткізді.