• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Шілде, 2021

Қазақстанда кейбір қалдық түрлерін өртеуге тыйым салынады

681 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртеуге тыйым салынған қалдықтардың тізімі мынандай:

- Жарылғыш, коррозиялы, тотықтырылатын, жоғары өрт қауіпті немесе от қауіпті болып табылатын қауіпті қалдықтар;- Медициналық қалдықтар;- Тұрақты органикалық ластауыштары бар қалдықтар;- Пестицидтер;- Құрамында сынабы бар қалдықтар;- Электрондық және электр жабдықтарының қалдықтары;- Уытты қалдықтар;- Биологиялық қалдықтар;- Құрылыс қалдықтары.

Құжат ашық талқылау үшін 30 шілдеге дейін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды.

Айта кетсек, Қазақстан еуропалық стандарттарға сай қалдық өртеу орындарын салуды жоспарлап отыр. Олар төрт жыл ішінде Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шығыс Қазақстан облысында және Ақтөбеде бой көтеретін болады.