• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Шілде, 2021

Батыс Қазақстан облысының тарихи һәм көркем жерлері

2623 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы. Бөкей ордасы ауданы

Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлының кесенесі. Бөкей ордасы ауданы

Хан зиратынан көрініс. Алдыңғы көріністе – этнограф Мұхамед-Салық Бабажановтың кесенесі. Бөкей ордасы ауданы

Кіші Боғда тауы. Бөкей ордасы ауданы

Жәнібек ауылындағы тарихи су мұнарасы бейнеленген. Жәнібек ауылы 1941 жылы Сталинград шайқасы кезінде бірнеше мәрте жау ұшақтары шабуылына ұшыраған. Дәл осы мұнара қабырғасында жау бомбасының жарықшақтары, снаряд іздері қалған. Жәнібек ауданы

Ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың кесенесі. Жәнібек ауданы, Борсы ауылдық округі.

Орал қаласында халық батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына орнатылған ескерткіш.

Шалқар көлі. Теректі ауданы.

Жазушы, Нобель сыйлығының иегері Михаил Шолоховтың Жайық өзені жағасындағы саяжайы. Теректі ауданы, Ақсоғым ауылы

Жайық өзеніндегі аспалы көпір. Ақжайық ауданы

Хан сарайы. Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы. Бөкей ордасы ауданы.

Батыс Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштерге, араб жазулы құлпытастарға өте бай.

Батысқазақстандық танымал археолог Мұрат Қалменов ХІХ ғасыр ескерткішін зерттеуде.

Тақсай ханшайымы – сармат дәуіріндегі көне обадан табылған алтын адамға орнатылған кешен. Теректі ауданы

Торытабасы тауы. Шыңғырлау ауданы.

Әлемдегі ең кішкентай сарқырама. Шыңғырлау ауданы

 

Суреттерді түсірген Мейірбек ТӘЖҚҰРАНОВ, Батыс Қазақстан облысы.