Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасын жпариялады, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы болып қалды. Юлия Путинцева жеті позицияға көтеріліп, 35-ші орынға жайғасты.
Еске сала кетейік, жақында Юлия Будапештте өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Зарина Дияс үш позицияға көтеріліп, 99-шы теннисші ретінде үздік жүздікке қайта оралды. Жұптық разрядта Анна Данилина 120-шы орыннан 119-ға көтерілді.