• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Шілде, 2021

Бір күнде 5179 адам екпе алды

242 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы бо­йынша эпидемиялық жағдай күрделі күйінде тұр. Соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 13%-ға өскен. Өңірде халықтың жаппай екпе алу қарқыны да жоғарылады.

Пандемия басталғалы бері облыста 27 819 адам коронавирусқа шал­дыққан болса, биылғы шілде айының басынан бері COVID-19-ды 2 836 батысқазақстандық жұқ­тырғаны анықталды. Былтырдан бері осы дерттен 458 адам көз жұм­ды. Әсіресе соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 13%-ға өскені байқалған. Ауырғандар Орал қаласында, Бәй­терек, Бөрлі ауданында көп.

Карантиндік талаптарға бай­­ла­­нысты Ресеймен ара­дағы мем­лекеттік шекарадан өту­шілер қатаң бақылауға алын­ған. 1 шілдеден бас­тап облыс аумағындағы шекара бекеттерінен барлығы 19 375 адам өтсе, соның ішінде 2 жолаушы­дан, 8 жүргізушіден коронавирус анықталып, оқшауланған. Ай басынан бері өңірде 34 503 мәрте ПТР зерттеуі жасалыпты.

Соңғы апта ішінде мониторинг топтары елді мекендерде 285 рейд жүргізіп, 1 166 нысанды тексерген. Соның 24-інде карантин тәртібі бұзылғаны анықталып, 29 хаттама бойынша кінәлілерге 2 771 150 теңге айыппұл салынған.

Қазір өңірде барлығы 602 нысан Ashyq қосымшасы бойынша қызмет көрсетеді. Соңғы аптада «қызыл» мәртебесі бар – 5, «сары» мәртебесі бар 8 адам анықталып, жеке тұлғаларға 306 285 теңге кө­лемінде айыппұл салынған.

Елдегі және өңірдегі күрделі эпи­демиялық ахуалды көріп отыр­ған тұрғындар алдын ала екпе алудың пайдасын түсіне бастаған сыңайлы. Вакциналау облыста 1 ақпанда басталған, қазір өңірде 66 екпе бекеті жұмыс істеп тұр. Об­лысқа вакцинаның 320 050 дозасы ке­ліп түскен, оның басым бөлігі ре­сейлік Спутник V болса, 7 мың доза QazVaс, 50 мың доза Hayat Vax және Қытайда өндірілген 16 мың доза CoronaVac вакцинасы бар.

«Жалпы, облыс көлемінде вак­цинаның бірінші компонентімен 147 610 адам егілді. Екпенің қос ком­­­понентін алған батысқазақ­стан­­дықтардың саны – 80 970 адам. Мау­сым айы басталғалы халық­тың вак­цина алу ынтасы артты. Тұр­ғын­­дарға ыңғайлы болу үшін емха­­на­лардағы егу пункттері сағат 23.00-ге дейін жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, 12 шілде күні облыс аума­ғында 5 179 адам екпе алды, бұл әзірге рекордтық көрсеткіш», дейді Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас­­шысының міндетін атқарушы Ар­ман Қалибеков.

 

Батыс Қазақстан облысы