Әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингі кезекті рет жаңарды деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы орынды сақтап қалса, Юлия Путинцева жеті сатыға жоғарылап, 35-ші орынға көтерілді.
Путинцеваның жоғарылауына Будапешттегі турнирде жеңіске жеткені себеп болды. Ал Зарина Дияс 99-шы орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 40-шы орынға төмендесе, Михаил Кукушкин 123-ші орынды иеленді.