Экономика 20 Шілде, 2021

Биткоин бағамы 30 мың доллардан төмен түсті

255 рет
көрсетілді

Сейсенбідегі сауда сессиясында биткоинның құны 6%-ға жуық, яғни 30 мың доллардан төмен саудаланады, деп хабарлайды Egemen.kz Report Door сайтына сілтеме жасап.

Көлемі жағынан ең ірі криптовалюта биржасында биткоин 10.27-дегі жағдай бойынша 6,7 пайызға - 29,56 мың долларға дейін арзандады.

Ал CoinMarketCap порталының мәліметтері бойынша, 20-дан астам биржаның орташа бағасын есептеп, биткоин 6,71 пайызға - 29,58 мың долларға дейін арзандаған.

Соңғы рет ең танымал криптовалюта бағалары 30 маусымда 22 мың доллардан төмендегені тіркелді.

Биткоин төмендеуінің бұндай көрсеткіші қор және шикізат нарықтарындағы құбылмалылық аясында орын алуда.

Соңғы жаңалықтар