• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Шілде, 2021

Елордада жұмыс режимін бұзған 7 мекеме жауапкершілікке тартылды

156 рет
көрсетілді

Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған 7 нысанды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.

Қала әкімдігі ресми сайтының жазуынша, Есіл ауданында «Chechil Pub» бары, «Alanya» караоке-мейрамханасы, «The-ДЫМ» лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ, соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен. Бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген «Inforno» мейрамханасына кіре алмады.

Сонымен қатар белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Баня на дровах» саунасы мен «Потолок» интернет кафесі жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында «Спорт сити» фитнес клубы мен «Стамбул» кафесі де осындай заң бұзушылықтарға жол берді.

Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.