2021 жылдың 24 тамыз - 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстан тарапынан 25 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына жүзуден 7 жолдама, дзюдодан 6 жолдама, пауэрлифтингтен 5 жолдама, таеквондодан 3 жолдама және жеңіл атлетикадан 2 жолдама ұтып алды. Оған қоса, отандықспортшылар пара-каноэ және пара-нысана көздеп ату спорт түрлері бойынша алғаш рет жолдама алды.
Токио-2020 Паралимпийадалық ойындарында Қазақстанның туын пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев көтеріп шығатын болды
Токио 2020 – Қазақстан Республикасының параспортшылары қатысып отырған алтыншы Жазғы Паралимпиада ойындары. 1996 жылдан бері Қазақстан атынан алғаш рет жиырмадан артық спортшылар жолдама алып отыр.
Паралимпиада ойындарына баратын құрама:
Жүзу:
Жұмағали Нұрдаулет Советқанов Нұрали Далиев Сиязбек Салимгереев Ержан Габидулина Зульфия Агалаков Роман Рахимбекова АлияЖеңіл атлетика:
Мұқашбеков Дастан Абылқасымқызы СалтанатДзюдо:
Аманжол Жанбота Байбатина Зарина Даулет Темиржан Федосова Даяна Сариев Ануар Смағұлұлы ҒалымжанКаноэ:
Спатай БибарысТаеквондо:
Домбаев Нурлан Өміралі Нышан Досмалова КәмиляПауэрлифтинг:
Дегтярев Давид Қойшыбаева Раушан Хамаев Рахмеджан Абдыхалыкова Гульбану Солодухина АлинаНысана көздеп ату
Джумабаева Айсулу