Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін салдырғандар саны 130 мыңнан асты, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілдеде «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін 634 адам ектірді.
«Биылғы 1 ақпаннан 20 шілдеге дейін қауіпті вирусқа қарсы вакциналардың І компонентін 130 401 адам салдырды. Вакциналардың II компонентін алғандар саны 74 988 адамды құрады», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.