Атырау облысында жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 65 науқас жатыр, деп жазады Egemen.kz.
«Өңірде 2 632 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар бар. Бұл стационарларда 1 105 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды. Мұндағы жүктеме – 41,9%. Ал 113 орынға есептелген жансақтау бөлімдерінде 65 пациент жатыр. Оның 11-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 57,5%-ды құрайды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.