Аустралияда халықтың ел билігіне көңілі толмай, наразылығы күннен-күнге артып келеді, өйткені елде халықтың жартысына жуығы – 13 миллион адам індетті азайту үшін қатаң карантинде отыр.
Локдаун енгізілген Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльстің кейбір аудандарына сейсенбіде үшінші Виктория штаты қосылды. Аустралиялықтардың 14 пайыздан азы вакцина алған. Бұл – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (OECD) мүше елдер арасындағы ең нашар көрсеткіш. Аустралияның ең үлкен екі қаласы – Сидней мен Мельбурннің қашан ашылатыны белгісіз.
Халықтың көп бөлігі пандемияның 18 айынан кейін қайтадан қатаң бақылауға түскеніне наразы. Ал Ұлыбритания мен АҚШ-тың қайта ашыла бастауы федералды үкіметке қысымды арттыра түскен. Премьер-министр Скотт Моррисон вакциналаудың баяу деңгейі үшін қатты сынға ұшырады, алайда ол кешірім сұраудан бас тартып отыр. Ол ешбір елдің пандемияны 100% жеңбегенін және ел тұрғындарының мұны түсінетінін алға тартты. Сондай-ақ ел басшысы басқа елдермен салыстырғанда Аустралияның науқастарды аман алып қалудағы жетістіктеріне тоқталды. Ал елде індеттен 915 адамның өлімі тіркелген.