• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2021

Атырауда екі күнде 6 қылмыс ашылды

712 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері екі күнде бұрын жасалған 6 қылмысты ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 19-23 шілде аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Бұл іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтың жолын кесу. Полиция қызметкерлері ​екі күнде облыс аумағында 944 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұрын жасалған 6 қылмыстық іс ашылды. Оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп, мас күйде жүргендерге қатысты 89, ұсақ бұзақылыққа байланысты 87 дерек бар», дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ түнгі мезгілде көшеде жүрген кәмелетке толмаған 99 жасөспірімнің заңды өкілі, түн тыныштығын бұзған 29 адам, жолда жүру жылдамдығын арттырған 311, көлік құралын мас күйінде басқарған 9 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзған 20 адам анықтады.