• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Шілде, 2021

Бір құрама Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты

174 рет
көрсетілді

Гвинеяның Олимпиадалық құрамы Токио Олимпиадасына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гвинеяның спорт министрі Санусси Бантама Соу Гвинеяның Олимпиада комитетіне елдің төртжылдықтың бас додасына қатыса алмайтыны туралы ресми хат жолдаған. Мұнысын ол Токиода коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып кетуімен түсіндірген.

«Билік COVID-19-ға байланысты спортшыларымыздың денсаулығын ойлай отырып команда Токиодағы Олимпиада ойындарына қатыспайды деген шешім қабылдады», делінген хатта.

Кейбір деректерге сүйенсек, Гвинеяның Олимпиадаға қатысудан бас тартуының бір себебі – ел билігі спортшылардың Жапонияға барып-келуіне кететін шығындарды өтеуге қауқарсыздық танытып отыр.